Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Qazaq Energy Charge DOSCAR-мен бірлесіп электромобиль пайдаланушыларына арналған «Бірлік қуаты» мерекелік акциясын іске қосты.

Акцияға қатысушылар 30 кВт-қа дейін тегін зарядтау ала алады. Жобаның механикасы ортақ мақсатқа құрылған: күн ішінде барлық қатысушының зарядтау көлемі жинақталады. Пайдаланушылар көлігін неғұрлым белсенді зарядтаса, белгіленген көрсеткішке соғұрлым тез жетіп, бонустар ашылады.

Ортақ мақсатқа жеткеннен кейін әр қатысушы сыйлық алады. Акцияда Vlife қосымшасы арқылы жасалған зарядтау сеанстары ескеріледі.

Акция үш күн бойы өтеді және үш ортақ мақсатты қамтиды — сәйкесінше қатысушыларда сыйлық алудың үш мүмкіндігі бар.

«Бірлік қуаты» жобасы электромобиль иелерін ортақ мақсат төңірегінде символдық түрде біріктіріп, сонымен қатар Қазақстанда заманауи зарядтау инфрақұрылымын пайдалану мәдениетін дамытуға ықпал етеді.