DOSCAR командасы «БІЗДІҢ ШОРО лигасы 7+1» халықаралық футбол турнирінде жеңіске жетті.
Турнирдің қорытынды кезеңі Ыстықкөлде, Сары-Ой ауылында өтті. Жарысқа үш елден сегіз команда қатысты: Қырғызстаннан үш команда, Өзбекстан мен Қазақстаннан бір-бірден, сондай-ақ DOSCAR-дың төрт командасы.
Турнир «әркім әрқаймысымен» форматында өтті: командалар 7+1 форматында бес матчтан өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша DOSCAR командасы үздік нәтиже көрсетіп, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Жеңіс жүйелі дайындықтың, командалық жұмыс пен спортшыларымыздың мықты ойынының нәтижесі болды. DOSCAR үшін бұл тек спорттық жетістік емес, сонымен қатар Қазақстанды халықаралық алаңда лайықты таныту мүмкіндігі.
Ойыншыларды, жаттықтырушылар құрамын және турнир бойы команданы қолдағандардың барлығын құттықтаймыз.
DOSCAR — алға, тек алға!