Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико де Мадрид Қазақстан» академиясында болып, елде балалар футболын дамытуға бағытталған халықаралық жобаның жұмысымен танысты.
Сапар барысында Президентке Академияның инфрақұрылымы, жас футболшыларды даярлау жүйесі және испандық жаттығу әдістемесі таныстырылды. Жас ойыншылардың дамуы мен одан әрі спорттық өсуіне жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.
«Атлетико де Мадрид Қазақстан» академиясы халықаралық футбол тәжірибесі мен Қазақстандағы балалар спортының дамуын біріктіретін алаңға айналды. Жоба жас спортшыларға кәсіби әдістемелер бойынша жаттығуға және мамандар жетекшілігімен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Президенттің сапары Академия үшін маңызды оқиға болып, балалар футболын дамытуға және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобалардың маңызын айқындады.